A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ 2017-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН «ЕҢБЕК» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Бүгiн, а.ж. 8 тамыз күнi Ақмола облысының өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде «Жұмыспен қамтудың және жаппай кәсiпкерлiктiң 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру» тақырыбында брифинг өттi, онда кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Ербол Оспанов сөз сөйледi.

Баспасөз конференциясына сондай-ақ «Сбербанк» АҚ ЕБ директоры -Әсел Махмудова, «Даму» КДҚ» АҚ директорының орынбасары — Ирина Суворова, «Халық банкi» АҚ директорының орынбасары — Таңат Кужамратов қатысты.

Брифинг барысында спикерлер БАҚ өкiлдерiне 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнiмдi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру және осы бағдарлама шеңберiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлердi мемлекеттiк қолдау тетiктерi туралы айтып бердi.

Гранттық қаржыландыруды алу шарттары мен тәртiбi туралы Ирина Суворова егжей-тегжейлi айтып бердi.

Екiншi деңгейлi банктердiң өкiлдерi Әсел Махмудова мен Таңат Кужамратов мемлекеттiк қаржыландыру аясында жүзеге асырылған табысты жобалардың жарқын мысалдарымен бөлiстi.

Мысалы, Степногорск қаласындағы «Сбербанк» АҚ ЕБ ЕДБ кәсiби медициналық көмек көрсету орталығын ашу үшiн 15 млн.теңге сомасына кәсiпкер қаржыландырылды — бұл туралы Әсел Махмудова хабарлады.

2017 жылдан бастап ағымдағы жылға дейiн Сбербанк 908 млн.теңге сомасына 5 транш алды, оның iшiнде осы бағдарламаның шарттары бойынша микробизнес секторынан 74 қарыз алушы қаржыландырылды.

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы Бағдарламаның екiншi бағыты шеңберiнде қалалар мен моноқалаларда (Көкшетау, Степногорск қалалары) шағын кредит беруге, аталған елдi мекендерде микрокредиттердi кепiлдендiруге жауапты.

Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы жылы Жастар жылы аясында, бағдарламаның төртiншi бағыты бойынша («Жас кәсiпкер» аясында) 29 жасқа дейiнгi жас кәсiпкерлердi гранттық қаржыландыру енгiзiлдi, гранттық қаржыландыру БЖК 2020 және еңбек екi бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылы шағын несиелеуге 974,8 млн. теңге бөлiндi және «Даму» КДҚ» АҚ қорына аударылды.

Соңында кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының басшысы Ербол Оспанов кәсiпкерлердi аталмыш бағдарламаға белсендi қатысуға шақырды.

  

Мақаланың шыққан күні: 08.08.2019
Қаралым саны: 227

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14