A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Тұран» табиғи минералды суы «Шипажай-2018» халықаралық ғылыми-практикалық форумында ұсынылды

IMG

«Көкшетауминводы» АҚ ағымдағы жылдың 24-25 сәуірінде Астанада өтіп жатқан «Шипажай-2018» халықаралық ғылыми-практикалық форумына қатысуда. Бұл туралы Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлайды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Курорттық Қауымдастығы.

«Азия Су Компаниясы» ЖШС ғылым жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстар академиясының корреспондент-мүшесі Евгений Пятов және «Көкшетау минералды сулары» АҚ дәрігер-диетологы Евгений Бекаев қатысушыларға «Тұран» және «Құлагер-Арасан» табиғи минералды судың пайдалы қасиеттері туралы айтып берді. Бұл су өзіндік қасиеттері бойынша минералдарға, микроэлементтерге бай және санаторий мен курорттарда қолдануға өте ыңғайлы.

Мақаланың шыққан күні: 25.04.2018
Қаралым саны: 210

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz