A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып қайтты

ҚР Премьер-министрi Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып қайтты, онда 2020 жылы өтетiн Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумына дайындық барысын қарады, индустрияландыру, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсiптiк кешен салаларында жүзеге асырылатын бiрқатар жүйе құраушы кәсiпорындарға барды.

Индустрияландыру картасы аясында iске қосылған "ENKI" керамикалық кiрпiш өндiретiн кәсiпорында ҚР Үкiмет басшысы, технологиялық өндiрiстiң автоматтандырылған процесiн және шығарылатын өнiм желiсiн қарап шықты. Зауыт жыл сайын шамамен 60 млн. дана керамикалық кiрпiш шығарады. Өндiрiс көлемiн 90 млн. данаға дейiн ұлғайту мәселесi қаралды.

Облыс орталығындағы Асқар Мамин жаңа салынып жатқан "Сарыарқа" шағын ауданында болды. Ағымдағы жылы шағын ауданда 245 пәтерлiк 6 көппәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы аяқталды. 2025 жылға қарай ауданы 1 млн. шаршы метр 233 көппәтерлi тұрғын үйдi, 2 мектептi, спорт кешенiн пайдалануға беру жоспарлануда.

ҚР Премьер-Министрi "Болашақ сарайы" жаңа балалар мен жасөспiрiмдер сарайының құрылыс алаңында болды, онда 2020 жылы Қазақстан мен Ресейдiң XVII өңiраралық ынтымақтастық форумының негiзгi iс-шараларын өткiзу жоспарланып отыр. 1500 адамға арналған ғимарат екi зонадан тұрады — зияткерлiк және спорттық даму. Сондай-ақ Көкшетау қаласындағы бiрқатар қонақ үй кешендерiн қайта жаңарту барысы қаралды.

Өңiрде ҚР Үкiмет басшысы ағымдағы көрсеткiштермен және автожолдарды дамыту жоспарларымен танысты. Ұзындығы 80 км "Щучинск-Зерендi" жолын қайта жаңарту жобасы аяқталды. Жалпы өңiрде құрылыс және жөндеу жұмыстарымен 400 км астам жергiлiктi маңызы бар жолдарды қамту жоспарлануда.

Ақмола облысының Бұланды және Бурабай аудандарында ҚР Премьер-Министрiне ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы баяндалды. 2019 жылы жалпы сомасы 10,3 млрд. теңгеге 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Макинск құс фабрикасында қуаттылығы жылына 25 мың тонна тауық етi бар бiрiншi кезек iске қосылды. 2020 жылы екiншi кезек пайдалануға берiледi, бұл өндiрiс көлемiн 50 мың тоннаға дейiн арттыруға мүмкiндiк бередi.

"Журавлевка 1" ЖШС ауыл шаруашылық дақылдарын өсiру кәсiпорнында ҚР Үкiметiнiң басшысына 74 мың га жерге егiн жинау жұмыстарына дайындығы туралы баяндалды.

Ауыл шаруашылығы саласының дамуымен танысу "KazBeef Group" мәрмәр сиыр етiн өндiру бойынша ет өңдеу кешенiне бару кезiнде жалғасты. Асқар Мамин 2019 жылы қайта жаңғыртудан кейiн әлемдiк сапа стандарттарына сәйкес келетiн ет өнiмдерiн қайта өңдеу бойынша жаңа технологиялық шешiмдер енгiзiлген кәсiпорынның өндiрiстiк цехын аралап көрдi. Кәсiпорынның қуаттылығы тәулiгiне 120 бас IҚМ немесе жылына 10 мың тонна ет құрайды.

ҚР Премьер-министрi Асқар Мамин өңiрдiң экономикасын дамытуда және халықтың өмiр сүру сапасын арттыруда жүйелi тәсiлдi қамтамасыз етудiң маңыздылығын атап өттi. ҚР Тұңғыш Президентi — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық құжаттарда қойған мақсаттарына уақытылы қол жеткiзу және өңiрге жұмыс сапары барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмаларын орындау үшiн барлық күш-жiгерiн салу қажет. Өз кезегiнде, Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVII форумын өткiзу, екi елдiң сауда-экономикалық қатынастарын дамытуға елеулi серпiн және бизнес-қоғамдастықтардың өзара iс-қимыл аясын сапалы кеңейтуге мүмкiндiк бередi.

ҚР Премьер-Министрiнiң баспасөз қызметi

Пресс-служба Премьер-Министра РК

 

Мақаланың шыққан күні: 05.08.2019
Қаралым саны: 215

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14