A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«Локдаун» режимiнде бизнеске көмек: Қазпочта және «1С-Битрикс Қазақстан» «E-commerce: цифрлық сату дәуiрi» тегiн вебинарын өткiзедi

29 шiлдеде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 11.00-де әртүрлi электрондық коммерциялық сегменттердiң сарапшылары электрондық коммерция мен логистикалық технологиялар мен құралдар карантин кезiнде бизнестiң өсуiне қалай көмектесетiнiн талқылауға жиналады.

Оқшауланғаннан кейiн қазақстандықтар интернеттен көбiрек сатып ала бастады. ҚР Ұлттық экономика министрлiгi Статистика комитетiнiң мәлiметi бойынша, 2020 жылдың қаңтар-сәуiр айларында қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемi 7,4 трлн теңге құрады.

Жаңартылатын локдаун жағдайында электрондық коммерция бизнеске қатарда қалуға және сатуды арттыруға көмектесе алады. Көптеген кәсiпкерлер e-commerce технологияларымен таныс емес және олардың әлеуетiн бiлмейдi. Осы туралы сөйлесудiң уақыты.

Қатысушылар интернет-дүкеннiң негiзгi компоненттерi мен мүмкiндiктерi, тауарларды жеткiзу туралы көбiрек бiледi. Iс-шара Қазақстанның iскер топтарының өкiлдерiне пайдалы болады. Қатысу мүлдем тегiн, тек тiркелу қажет.

Вебинарға қатысатындар: Aliexpress Россия GR-директоры Сергей Лебедев, Clevy Links компаниясының атқарушы директоры Арунас Венцкавичюс, CEO «Веб-интегратор iLAB» Владимир Денисов, «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов, «1С-Битрикс Казахстан» директоры Сармантай Қасенов.

Толығырақ ақпарат сiлтеме бойынша: https://bit.ly/2BVVG1O 

Мақаланың шыққан күні: 22.07.2020
Қаралым саны: 195

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz