A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Конкурс мерзімін ұзарту туралы хабарландыру

Конкурстыұйымдастырушы:

«Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы» мемлекеттiк мекемесi,

Орналасқан жерi: Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасыКөкшетау қаласы, Абай көш. 89, Ақмола облысы аудандар, Көкшетау және Степногорск қалаларының кәсiпкерлiк саласында жергiлiктi атқарушы органдар (кәсiпкерлiк бөлiмдер);

пошталық мекенжайы: 02000, Көкшетау қаласы, Абай көш. 96;

электрондық пошта мекенжайы: depprom@akmo.kz;

байланыс телефоны: 8 (7162) 24-00-16. 24-00-14. 24-00-15;

Конкурс нысанасы"Бизнестiң жол қартасы 2020" бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде жас кәсiпкерлерге 29 жасқа дейiн (29 жас оның iшiнде), жас отбасылардың мүшелерi (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм берiлетiн жер:

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының, Көкшетау қаласы, Абай көш. 96, 409 каб.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2019 ж. «29» тамыздан бастап 2019 ж. «5» қыркүйек аралығында, жұмыс күндерi сағат 10.00-ден 17.30-ға дейiн (жергiлiктi уақытпен)

Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2019 ж. «29» тамыз сағат 10.00 (жергiлiктi уақытпен)

Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2019 ж. «5» қыркүйек сағат 17.30 (жергiлiктi уақытпен)

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды. Осы хабарландыру мен және конкурстық құжаттамамен upp.akmo.gov.kz сайтында танысуға болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының (не сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) жүгiнуi кезiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) 2015 жылдың 24 сәуiрiнде № 352 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрi бұйрығымен бекiтiлген стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк грант алу үшiн өтiнiм;

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi/жеке кәсiпкердi тiркеу туралы хабарлама;

3) өтiнiш берген күнге дейiн күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрмей берiлген бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдер бойынша берешектiң жоқтығы туралы анықтама;

4) басшының қолымен және өтiнiш берушiнiң мөртаңбамен (болған жағдайда) расталған, өтiнiм беру сәтiндегi жалдамалы жұмыскерлердiң орташа саны туралы анықтама;

5) бизнес-жоба;

6) көрсетiлетiн қызметтi алушының Бағдарлама және (немесе) "Еңбек" нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде оқудан өткендiгiн растайтын құжаттың ескiру мерзiмi 2 (екi) жылдан аспайтын көшiрмесi;

7) көрсетiлетiн қызметтi алушының ағымдағы шотында берiлетiн мемлекеттiк грант көлемiнiң кемiнде 10% ақша қаражатының болуы туралы банктiк шоттан үзiндi көшiрме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлiктiң бағалау құнын растайтын құжаттар;

8) көрсетiлетiн қызметтi алушының атынан өтiнiм беру құқығына сенiмхат, сенiм бiлдiрiлген адамның паспортының көшiрмесi (заңды тұлға атынан — заңды тұлға растаған).

Көрсетiлетiн қызметтi берушi кеңсесiнде құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнiн көрсете отырып тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және күнi) және веб-порталда тiркеу нөмiрi құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы аясында шағын бизнеске жаңа бизнес-идеяларды iске асыру үшiн мемлекеттiк гранттар беру ережелерiмен келесi сiлтеме бойынша танысуға болады: http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1600000234#z246 

Мақаланың шыққан күні: 29.08.2019
Қаралым саны: 678

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz