A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
«2019 жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы жетiстiктерi үшiн» облыстық конкурсының қорытындылары

Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасы жыл сайын «Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы жетiстiктерi үшiн» облыстық байқауын өткiзедi.

Ағымдағы жылы байқауға қатысуға өтiнiмдер 2019 жылғы 5 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейiн, сондай-ақ 2019 жылғы 26 қыркүйектен 7 қазанға дейiн қабылданды.

Өтiнiмдердi қабылдау туралы хабарландырулар аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында, соның iшiнде кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының http://upp.akmo.gov.kz ресми интернет-ресурсында, әлеуметтiк желiлердегi аккаунттарда және т.б. жарияланды.

2019 жылдың 15 қазанында «2019 жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы жетiстiктерi үшiн» облыстық конкурсын өткiзу бойынша комиссияның отырысы өткiзiлiп, онда конкурстың нәтижелерi шығарылды.

Конкурсқа 4 номинация бойынша 16 өтiнiм қабылданды, оның iшiнде:

«Үздiк инновациялық жоба» — 4 өтiнiм;

«Үздiк жас кәсiпкер» — 2 өтiнiм;

«Үздiк әйел кәсiпкер» — 5 өтiнiм;

«Үздiк стартап» — 5 өтiнiм.

«2019 жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы жетiстiктерi үшiн» облыстық байқауының жеңiмпаздары анықталды:

«Үздiк инновациялық жоба» номинациясында:

«BIOTRONGROUP» ЖШС, Степногорск қаласы

Басшы: Мұхамеджанов Аслан Кайыргелдiұлы

Қызмет түрi: ветеринарлық, биологиялық, майлы-тотықтырғыш препараттарды өндiру және сату.

«Үздiк жас кәсiпкер» номинациясында:

«ЗЕРЕ» ЖК, Қорғалжын ауданы

Басшы: Енсенов Медет Қайратұлы

Қызмет түрi: жиһаз жасау, жиһаз орнату, шағын және iрi тұрмыстық техниканы сату.

«Үздiк әйел кәсiпкер» номинациясында:

«Михайлова Татьяна Владиславовна» ЖК, Степногорск қаласы

Басшы: Михайлова Татьяна Владиславовна

Қызмет түрi: тамақтандыру, кондитерлiк өнiмдер өндiрiсi.

«Үздiк стартап» номинациясында:

«Мастерская Дерева Два Бобра» ЖК, Степногорск қаласы

Басшы: Дьяков Антон Александрович

Қызмет түрi: басқа өнiмдердi өндiру (балаларға арналған тауарлар мен интерьер заттарын шығару).

Екiншi орын және конкурс лауреаты атағы берiлдi:

«Үздiк инновациялық жоба» номинациясында:

«Амега-тур» ЖШС, Көкшетау қаласы

Басшы: Жақсылықова Гульмира Жамшибайқызы

Қызмет түрi: Турагенттiктердiң қызметi.

«Үздiк жас кәсiпкер» номинациясында:

«Инсаай» ЖШС, Көкшетау қаласы

Басшы: Биғазы Самат Балтаұлы

Қызмет түрi: бағдарламалық жасақтама жасау.

«Үздiк әйел кәсiпкер» номинациясында:

«Чепрасова» ЖК, Көкшетау қаласы

Руководитель: Чепрасова Ксения Геннадьевна

Қызмет түрi: шаштараз және сұлулық салондар қызметтерiн ұсыну.

«Үздiк стартап» номинациясында:

«Ekpin» ЖК, Степногорск қаласы

Басшы: Айтпенбетов Елжан Сенбiұлы

Қызмет түрi: жылжымалы планетарий.

Үшiншi орын және конкурс лауреаты атағы берiлдi:

«Үздiк инновациялық жоба» номинациясында:

«Шевченко» ЖК, Ерейментау ауданы

Басшы: Шевченко Александр Викторович

Қызмет түрi: iрiмшiк өндiру.

«Үздiк әйел кәсiпкер» номинациясында:

«Абильдина Ж.» ЖК, Астрахан ауданы

Басшы: Абильдина Жанна Қалимуллақызы

Қызмет түрi: Мектепке дейiнгi тәрбие.

«Үздiк стартап» номинациясында:

«Берик» ЖК, Степногорск қаласы

Басшы: Мазанов Берiк Серiкұлы

Қызмет түрi: мүгедектерге арналған тренер.

«2019 жылы шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудағы жетiстiктерi үшiн» байқауының жеңiмпаздары I дәрежелi дипломдармен және бағалы сыйлықтармен, конкурс лауреаттары — II және III дәрежелi дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жүлделi орындарға ие болмаған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.

Байқау жеңiмпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсiмi мерекелiк жағдайда өтедi, конкурстың қатысушылары үшiн салтанатты рәсiм күнi мен орны туралы қосымша хабарланады.

Мақаланың шыққан күні: 16.10.2019
Қаралым саны: 104

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz