A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
Мәжіліс Депутаттары Ақмола облысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін талқылады

DSC_0318

«Шортанды ауданының әкімдігінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнесті жүргізу жағдайларын оңайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің Экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің көшпелі отырысы өтті. Ол туралы Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлайды.

Отырысқа Қазақстан Республикасы министрлігінің, мемлекеттік органдардың, ҚР «Атамекен» ҰКП өкілдері, кәсіпкерлер қатысты.  

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов өз сөзінде шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің саны 42,5 мың дананы құрайтынын атап өтті. Аймақта шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі бағыттары болып ауылшаруашылық қайта өңдеу, жол бойындағы сервис, сондай-ақ курорттық аймақта сервистік қызмет және өндірісті дамыту болып табылады. Ол Бизнесті жүргізу және массалық дамыту, соның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды жақсарту бойынша 2017-2019 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспары Ақмола облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамытудың департаменті директорының м.а. Шыңғыс Ахметов өз баяндамасында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын жүзеге асыру, бизнесті ашу және жүргізу үшін жағдайларын жақсартуға бағытталған заңнамалық бастамалар туралы айтты.

Кездесу барысында өңірдің шағын және орта бизнесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, елдегі бизнес ахуалды жақсарту жөнінде нақты ұсыныстар жасалды.

Көшпелі отырыс шеңберінде ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаттары Шортанды ауданының «Полимер Пласт» ЖШС, «Даржан групп» ЖШС, «Акпан 17» ЖШС кәсіпорындарына барды.

DSC_0316

Мақаланың шыққан күні: 17.05.2018
Қаралым саны: 404

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика
Пошталық мекенжайы: 020000, Қазақстан, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96, 4 қабат
Қабылдау бөлмесi: 8 (7162) 24-00-00
Электрондық пошта: depprom@akmo.kz
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша келесi телефондар арқылы хабарласуға болады: 8(7162)24-00-30, 24-00-28, 24-00-15, 24-00-16, 24-00-14