A- A A+
«Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Қаз | Рус | Eng
19 ШIЛДЕ — МЕТАЛЛУРГ КҮНI

Жыл сайын шiлденiң үшiншi жексенбiсiнде атап өтiлетiн металлург күнi елiмiздегi ең маңызды кәсiби мере¬келердiң бiрi болып саналады.

Металлургтер күнi — бұл, еңбегi барлық өндiрiстiк салалардың алғашқы негiзi болып табылатын мереке, өйткенi қазiргi экономиканың бiрде-бiр саласы металлургтердiң тиiстi үлесiнсiз жасай алмайды. Кәсiпорындың жұмысы және әр адамның күнделiктi өмiрi металлургия саласы қызметкерлерiнiң ауыр, бiрақ қажеттi еңбегiнiң нәтижелерiмен байланысты.

Металлургия өнеркәсiбi Ақмола облысының өңдеушi секторының жетекшi салаларының бiрi болып табылады және 50% — дан астамын алады. Салада жыл сайын 350 млрд. теңгеден астам сомаға өнiм шығаратын 7 iрi кәсiпорын жұмыс iстейдi. Бұл кәсiпорындар уран, құрамында алтын бар концентрат, өңделмеген алтын және мыс концентратын өндiрумен айналысады. Темiр, металл, алтын және уран кендерi өндiрiледi.

«Altyntau Kokshetau» АҚ 1991 жылдан бастап катодты алтын (Доре қорытпасы) өндiретiн Қазақстанның ең iрi алтын өндiрушi кәсiпорны Васильковское кен орнын игеруде. 2008 жылы жаңа алтын шығару фабрикасының белсендi құрылысы басталып, 2009 жылдың төртiншi тоқсанында аяқталған. Бұл әлемдiк тәжiрибеде теңдесi жоқ жағдай: әдетте мұндай объектiлердiң құрылысы орта есеппен бес жылға созылады. Мерзiмдердi жеделдетуге қатарлас құрылыс және жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу есебiнен, сондай-ақ бүкiл елден ең үздiк жобалау және мердiгерлiк ұйымдарды жұмылдырудың арқасында қол жеткiзiлдi. Бұдан басқа, құрамында алтыны бар кендi өңдеу кезiнде кендерден алтын алудың дәстүрлi операцияларын: гравитацияны, флотацияны және циандауды қолдана отырып, кешендi технология қолданылады. Жаңа фабрика өзiнiң жобалық параметрлерi бойынша 8 млн.тоннаға дейiн кен өңдеуге және жылына 12,5 тонна таза алтын өндiруге қабiлеттi және бүгiнгi таңда толық жобалық қуаттылыққа жұмыс iстеуде.

«Қазақалтын ТМК» АҚ — Ақсу, Кварцитовские горки, Байлюсты, Бестөбе, Жолымбет кен орындарында алтын құрамды кендердi өндiру және қайта өңдеу бойынша өз жетiстiктерiмен танымал, Қазақстанның алтын кенi саласындағы көне кәсiпорындардың бiрi болып табылады. Компанияның тарихы 1932 жылы Қазақстанның солтүстiгiнде алтын құрамды кендердiң қорлары табылғаннан басталады. 88 жыл iшiнде компания 400 тоннадан астам алтын өндiрдi. «Қазақалтын ТМК» АҚ құрамына 3 филиал кiредi: «Ақсу кенiшi» филиалы, «Бестөбе кенiшi» филиалы және «Жолымбет кенiшi» филиалы. Сонымен қатар, 2017 жылы жоғарыда көрсетiлген кенiштерде техногендiк минералдық түзiлiмдердi қайта өңдеу бойынша 3 жаңа алтын өндiру зауыты құрылды — «Қазақалтын Technology» ЖШС.

Құрамында алтын бар кендердi өндiру және өңдеу бойынша тағы бiр iрi кәсiпорын — «RG Gold» ЖШС. Кәсiпорын 2013 жылдың соңында бұрынғы «Голд Ленд» ЖШС базасында құрылды. 2010 жылы «Голд Ленд» ЖШС Ақмола облысының Бурабай ауданында орналасқан 200 шаршы шақырымдық Новоднепровский кен орнының алтын құрамды кендерiн игеру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырды. 2015 жылы «RG Gold» ЖШС индустрияландыру картасы аясында — «Райгород кен орнының алтын кендерiн қайта өңдеу қуатын кеңейту» инвестициялық жобасын iске асырды, бұл дайын өнiм өндiрiсiн екi есеге арттырды. 2021 жылға қарай компания жылдық қуаты 4 млн тоннаға дейiн бастапқы кендi қайта өңдеу үшiн кеңейту бағдарламасы аясында алтын өндiру фабрикасын салуды және iске қосуды жоспарлап отыр.

«Степногорск тау-кен¬¬¬¬¬¬ химиялық комбинаты» ЖШС — Степногорск қаласының негiзгi құраушы кәсiпорындарының бiрi болып табылады. «Степногорск тау-кен химия комбинаты» ЖШС өндiрiстiк кешенi 1968 жылы пайдалануға берiлдi. Негiзгi қызмет бағыттары: құрамында мыс бар, құрамында алтын бар және уран бар шикiзатын өңдеу. Уранды қайта өңдеу бойынша өндiрiстiк қуаты — жылына 4000 тонна, мыс — молибден кенiн қайта өңдеу бойынша — жылына 1 млн.тонна кен құрайды. Кәсiпорын «Қазатомөнеркәсiп «ҰАК» АҚ қажеттiлiгi үшiн уран кенiн байытады, экспорттық өнiмдi — "сары кек" шығару арқылы.

«Семiзбай-U» ЖШС 2006 жылы құрылды. «Семiзбай-U» ЖШС уран мен оның қосылыстарын өндiрумен және өңдеумен, құрамында уран бар кендерден өнiм өндiрумен айналысады. Кен орындарында уран өндiру жер қойнауына және қоршаған ортаға әсерi барынша азайтылған жерасты ұңғымалық сiлтiсiздендiру тәсiлiмен жүргiзiледi.

«Өркен-Атансор» өкiлдiгi Ақмола облысы аумағындағы «Өркен» ЖШС 4 бөлiмшесiнiң бiрi болып табылады. «Атансор» кенiшiнiң байыту фабрикасында заманауи өндiрушi ел Швеция, «Metco minerals» компаниясы қазiргi заманғы жабдықтар орнатылған. Ұсатқыш қондырғының номиналды қуаттылығы — 400 т/сағ, темiр алудың жобалық пайызы 55% құрайды.

Металлургия саласының басты буыны — бұл күнделiктi еңбегiмен экономиканың дамуына өзiнiң баға жетпес үлесiн қосатын қызметкерлер екенiн атап өткiм келедi. Бүгiнгi күнi Ақмола облысының тау-кен өндiру және металлургия өнеркәсiбiнде 8 мыңнан астам адам жұмыс iстейдi. Бiз осы күрделi және ыстық саланың барлық жұмысшыларын құттықтауға қуаныштымыз. Барлық металлургтердi осы мерекемен құттықтаймыз. Сiздерге шыдамдылық, төзiмдiлiк және мықты денсаулық тiлеймiз!

Ербол ОСПАНОВ,
Ақмола облысының кәсiпкерлiк және өнеркәсiп
басқармасының басшысы

Мақаланың шыққан күні: 20.07.2020
Қаралым саны: 183

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ
Яндекс.Метрика

Қабылдау бөлмесi:

Электрондық пошта:

8 (7162) 24-00-00

depprom@akmo.kz